Сайтқа кіру



Іздеу

Бастапқы Директордың блогы
KazakhRussian (CIS)English (United Kingdom)
Директордың блогы

787

   

Ахметов Қайырғали Әкімбекұлы 1959 жылдың 11 қазанында Қостанай облысының Байғабыл ауылында дүниеге келген.  Ұлты – қазақ.

Үйленген, үш баласы бар. Екі жоғары білімі бар. 1983 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтының ағылшын тілі факультетін бітірген. 2005 жылы Алматы қаласындағы «Қайнар» университетін «Халықаралық  қарым-қатынас» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолын 1983 жылдың тамызынан бастап Торғай облысының Арқалық ауданының Родина  елді мекенінде орта мектептің  ағылшын тілі мұғалімі  болып бастады.

1986 жылы қаңтарда Ы.Алтынсарин атындағы  Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына ағылшын тілі оқытушысы болып ауысты. Аталған оқу мекемесінде ағылшын тілі оқытушысы лауазымынан шет тілдер кафедрасы меңгерушісіне дейін көтерілді.

2002 жылы Астана қаласына көшіп келіп, еңбек жолын «Қайнар» университеті филиалында «Қазақ тілі мен әдебиеті және шет тілдер кафедрасы»  меңгерушісі ретінде жалғастырды.

2007 жылы « Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Әлемдік тілдер» кафедрасының аға оқытушысы болып ауысты.

2009 жылдың маусымында Астана қаласының «Экономика және қаржы» колледжіне директор болып тағайындалды. 

2013 жылдың наурызынан бүгінгі күнге дейін «Экономика, технология және тағам   өндірісін стандарттау» колледжінің  директоры қызметін атқаруда.

Оқу мекемелеріндегі еңбегі үшін аталған мекемелердің марапаттау қағаздарымен, Астана қаласы Білім басқармасының «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.

Жеке мәселелер бойынша қабылдау кестесі:

СЕЙСЕНБІ, БЕЙСЕНБІ - 10.00-12.00.

                                             15.00-17.00.

Байланыс телефондары: +7(7172)50-16-40

Сұрақ қою

powered by SM FAQ
© 2018 Колледж экономики, технологии и стандартизации пищевых производств. Барлық құқықтар қорғалған.
Joomla! — лицензия бойынша таратылатын еркін бағдарламалық жабдықтама GNU/GPL.
RocketTheme Joomla Templates