2016-2017 оқу жылы Басып шығару

 

2016-2017 оқу жылында әдістемелік кеңес мәжілістерінде пәнді оқыту сапасын жақсарту мәселесі, білім деңгейі диагностикасы  нәтижелері қарастырылды. Оқытушылардың заманауи  инновациялық педагогикалық технологияларды, сонымен қатар АКТ-ды, психологтық-педагогикалық біілмдерді  меңгеруге көмектесу мақсатында 8 әдістемелік семинар өткізілді және онда 37  баяндама тыңдалып, қарастырылды. Жас мамандарға  педагогикалық  ұжымда  бейімделу  үшін  көмек  көрсету және кәсіби дайындық деңгейін көтеру мақсатында колледжде жас мамандар мектебі жұмыс істейді. Жас педагогтар мектебінің оқытушыларымен  педагогикалық шеберлікті меңгеру және жетілдіру үшін семинарлар, шебер сынап сағаттары, тренингтер түрлерінде 5 отырыс  өткізілді. Оқу үрдісінде инновациялық технологияны қолданып тәжірибе алмасу және жетілдіру мақсатында ЦӘК пәндік апталығын өткізу барысында ашық сабақтар көрсетілді. Барлығы 34 сабақ, 29 сыныптан тыс щаралар өткізілді.

Колледждің аттестатталатын  оқытушыларының жалпы педагогикалық тәжірибесін тарату және кәсіби  шеберліктері мен біліктіліктерін  көрсету мақсатында колледждің аттестаттаудан өтетін 5 оқытушысы  (Жумабаева С.Т., Коваль М.Л., Смирнова О.Д., Жакина К.А., Романова Ж.М., Мусин  С.А.) 2017 жылдың 8 ақпанында қалалық  ашық  сабақ  өткізді. 2017 жылдың 19 сәуірінде ашық есік күні қалалық деңгейде «Оқу үдерісінде және тәжірибеде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану» тақырыбында өткізілді. Колледждің 9 оқытушысы (Махметова А. К., Ермаханова Т.Т., Жунусова А.С., Съезхан  Н., Темербекова А.Е., Усенбаева А.Ж., Баймуканова Л.Қ., Тюрюбаева Р.Б., Махамбетов А. Ж.) ашық сабақ, шебер-сынып сағаттарын көрсетіп, қала колледждерінен келген қонақтардың жылы лебіздеріне бөленді.

2016-2017  оқу  жылында  колледж  оқытушылары  студенттерге  және жас педагогтарға көмек  көрсету мақсатында барлығы  23  оқу-әдістемелік құралдарын  дайындалды.

2016 жылдың қыркүйек, қазан айларында  жалпы білім беретін   және әлеуметтік-экономикалық ЦӘК пәндері бойынша студенттердің білім деңгейін  бақылау жұмысы өткізілді. Жалпы 1 курс студенттерінің мектеп қабырғасынан алып келген білім деңгейі 56% -ды көрсетті, ал  бұл көрсеткіш 2015-2016 оқу жылында 55% болған, яғни 1 %-ға жоғары бағамен келген.

2017 жылдың сәуір, мамыр айларында  жалпы білім беретін  және әлеуметтік-экономикалық  ЦӘК пәндері бойынша студенттердің білім деңгейі  тексерілді. Студенттердің білім деңгейін тексерудің қорытындысы бойынша 69,5%-ға көтерілген, яғни студенттердің мектеп  қабырғасынан  келгендегіден  білім сапасы  13,5%-ға көтерілген. Оқу үдерісінің жоспары бойынша міндетті бақылау жұмыстары өткізілді. 4 ЦӘК бойынша міндетті бақылау жұмысы бойынша білім деңгейі 83% көрсетті.

Жалпы  колледж  бойынша  бітіруші топтарда өткізілген студенттердің білім деңгейін тексерудің  қорытындысы   79 % көрсетті.