Сайтқа кіру



Іздеу

Бастапқы Өндірістік жұмыс
KazakhRussian (CIS)English (United Kingdom)
Өндірістік жұмыс
2018 жылы өткізілген СлоуФуд Терра Мадре Дәм салоны PDF Басып шығару E-mail

 

2018 жылдың 20-24 қыркүйегі аралығында Италияның Турин қаласында Слоу Фуд қозғалысының ұйымдастыруымен тиімді тамақтану және таза өнімді пайдалану тақырыбына арналған халықаралық іс-шара өтті. Терра Мадре Дәм салоны іс-шарасына әлемнің 150 елінің 7000 делегаты қатысты. 23 адамнан тұратын Қазақстан делегациясы құрамында өнім өндірушілер, фермерлер, рестораторлар және кәсіпкерлер болды.   Сонымен қатар делегат ретінде Астана қаласының Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі директорының ОӨЖ бойынша орынбасары М.Л.Коваль болды.

Кунео провинциясындағы графиня Алессандра Кастельбарко Виконти және оның ұлы Сандора Гостзонидің поместьесі болған Раккониджи сарайында Верона мэрімен кездесу өтті.

     Терра Мадре Дәм салоны үй шаруасындағы әйелдер мен «жұлдызды» бас-аспаздармен қатар әр түрлі ел өкілдерін қатар көретін орын. Терра Мадре Дәм салоны бірдей ойлайтын, бір құндылықтарды бөлісетін, жер мен тағамға дұрыс көзқарастағы адамдар жиналатын орталық.

         Көптеген белгілі бас-аспаздар жергілікті өнім өндірушілердің өнімдерін пайдаланудың және таза тағамның мектеп оқушыларын үшін маңыздылығын   атап көрсетті.

Қазақстан өкілдері талқан, жент, қымыз қосылған шоколад сияқты ұлттық өнімдерді көрсетті.

 
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері PDF Басып шығару E-mail

 

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағыдайындағы адами капитал: білім беруге арналған шешім» тақырыбында өткен Астана қаласы педагогтарының тамыз конференциясында колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Коваль Марина Леонидовна білім саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды. Колледж ұжымы Марина Леонидовнаны жоғары марапаттауымен құттықтайды.

tamizkonf

 
Тағамдармен танысу» шеберлік үлгісі сабағы PDF Басып шығару E-mail

 

2018 жылдың 27 сәуірінде «Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі» МКҚК базасында (Астана қаласы Көктал ы/а, Көкжиек к-сі,2/4) Астана қ. Білімді жаңғырту орталығының, оқу-өндірістік жұмыс бойынша ТжКБ ұйымдары директорлары орынбасарларының 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспары аясында «Дела рук Астана» жобасы директоры Ирина Перминованың, Domplast компаниясының директоры Н.Кисилеваның және «Столичная трапеза» компаниясының сату бөлімі басшысы Ю.Горелованың көмек көрсетуімен «Тағамдармен танысу» тақырыбы бойынша қалалық шеберлік үлгісі сабағы өтті.

Сабаққа мейрамханалық сервис, аспаздық және кондитерлік сала бойынша қала колледждерінің 30 арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері, Астана қ. Білім басқармасының, Білімді жаңғырту орталығының өкілдері, Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі әкімшілігі қатысты.

Шеберлік үлгісі сабағын «Посольство еды» ЖК басшысы, «Assorti»,   мейрамханасының бас аспазы, халықаралық деңгейдегі (ВАКС) бас аспаздар халықаралық ассоциациясының, Ресей аспаздары ассоциациясының мүшесі Ясынов Шавкят жүргізді. Ясынов Шавкят декор элементтерін, тағамдарды рәсімдеу және заманауи ұсыну тәсілдерін үйретті.

Демеушілік көмекті мүйізді ірі қара, ұсақ мал, құс еттерінен өнім шығаратын, гастрономиялық және деликатес өнімдерді шығаратын «Столичная трапеза» компаниясы көрсетті.

Шеберлік үлгісі сабағына қатысушылар сертификатпен марапатталды.

masterklass

 

 
Базовые предприятия PDF Басып шығару E-mail
Аудармасы жоқ.

 

* 1218000«Оборудование предприятий пищевой промышленности»– ТОО «Трапеза Казахстан»;; ТОО «Енбек Алтын жер»; ТОО «Акпан 17»; ИП «Диас»; ИП «Язаджи».

* 0507000«Организация обслуживания гостиничных хозяйств»– ТОО «Роял Комфорт Астана», ТОО «Спутник Сервис-2007» KING HOTEL ASTANA , ТОО «Каравелла Тур»; гостиница «Байкал», ТОО « Отель G-Empire» ТОО «Акку»; ИП « Kazakh house».

* 1226000«Технология и организация производства продукции предприятий питания», 0508000«Организация питания»–

* ИП « Kazakh house»; Кафе «Coffee Boom»;; ИП Цой Н.Э. «Happy day catering»; ТОО «Turion investment group»,.Отель«The St.Regis Astana», ИП «Астанинская Ассоциация шеф-поваров», Филиал 1 ТОО «Фуд-экспресс-ЛТД», Ресторан «Козерог», ТОО «Роял КомфортАстана», ТОО «Инсар Астана», сеть ресторанов «BeefEater», ТОО «ASSorti Astana»; ТОО « Жети Казына», ИП «Перминова И.Г.»

* 1508000«Лесное хозяйство, садово-парковое и ландшафтное строительство»– ТОО«Астана орманы», ТОО «Жасыл аймақ», АО«Зеленстрой Астана»;

partneri

 
Халықаралық ынтымақтастық PDF Басып шығару E-mail

 

12.04.2018 ж. «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту тәжірибесінен  хабар беру»
Астана қаласы Әкімдігінің «Экономика,  технология және тағам өндірісін стандарттау» колледжі мен Ресей Федерациясы Свердлов облысының  «Екатеринбург сауда-экономикалық техникумы»   мемлекеттік автономиялық кәсіптік білімдік мекемесіарасында  Меморандум жасалды. Астана қаласы Әкімдігінің «Экономика,  технология және тағам өндірісін стандарттау» колледжі атынан  директоры Қ.Ә. Ахметов Ресей Федерациясы Свердлов облысының  «Екатеринбург сауда-экономикалық техникумы»   мемлекеттік автономиялық кәсіптік білімдік мекемесі атынан директоры  Владимир Валерьевич Протасов мырза Меморандумға қол қойды

sotrutd

 
WorldSkills 2018 PDF Басып шығару E-mail

 

2018 жылдың 14 ақпанында Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжінде өткен WorldSkills Kazakhstan «Аспаздық іс» қалалық чемпионатының іріктеу турына «Тамақтандыру мекемелері өнімдері өндірісінің технологиясы және ұйымдастырылуы» мамандығы бойынша 3 курс студенттері: Вольвич София, Омарова Ақжарқын, Жумажанов Даурен, Канапиянова Алтынай ,Тілеген Інкәр, Бурамбеков Ерназ, Өмірбек Ақерке, Ермекбаев Мейрамбек қатысты.

Астана қаласы колледждерінің студенттері арасында өтті.

  • Бірінші орын – Жумажанов Даурен , Т-32 тобының студенті  
  • Екінші орын - Вольвич София, Т-32 тобының студенті  
  • Үшінші орын - Бурамбеков Ерназ, Т-31 тобының студенті

Конкурс өткізу үшін азық-түлікті  «МЕТРО КЭШэндКЕРРИ» компаниясы ұсынды.

worldskilleskol

 
WorldSkills Astana 2018 PDF Басып шығару E-mail

 

WorldSkills Astana 2018 «Аспаздық іс» қалалық чемпионатының іріктеу туры 2018 жылдың 28 наурызында Астана қаласы колледждерінің студенттері арасында өтті.

Бірінші орын - «Тамақтандыру мекемелері өнімдері өндірісінің технологиясы және ұйымдастырылуы»мамандығы бойынша 3 курс студенті Жумажанов Даурен

Dauren

 
Қалалық нұсқаулық-әдістемелік кеңес PDF Басып шығару E-mail

 

ТжКБ ұйымдары директорларының оқу-өндірістік жұмыс бойынша  орынбасарларының әдістемелік бірлестігінің       2017-2018 оқу жылына арналған  жұмыс жоспары аясында  2018 жылдың 18 қаңтарында Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжінің әлеуметтік әріптесі «Comfort Hotel  Astana »  қонақ үйі базасында  «Дуалды оқыту жүйесін ұйымдастыру» қалалық   нұсқаулық-әдістемелік кеңес  өткізілді.

Кеңес жұмысына Астана қ. Білім басқармасының Білім беруді  жаңғырту орталығының маманыИсина Нағима Саткеновна, Астана қ. ӨКП  адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысыТуребекова Жанар Мейрамовна,«Астана - Көгалдандыру құрылысы» АҚ бас инженеріТокходжаев Рустем Искендирович, модератор әрі ұйымдастырушы ретінде Коваль Марина Леонидовна қатысты.

Кеңеске Астана қ. колледждері директорларының оқу-өндірістік жұмыс бойынша  орынбасарлары, тәжірибе жетекшілері, кәсіптік тәжірибе бойынша жауапты тұлғалар шақырылды.

Кеңес мақсаты: 1508000 «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандығы бойынша дуалды оқыту жүйесін енгізудің экспериментальдық жобасы бойынша тәжірибе алмасу.

Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжінің   арнайы пәндер оқытушылары жұмыс тәжірибелерімен бөлісті: «Дуалды оқыту жүйесін енгізудің  эксперименттік жобасы туралы»Ермаханова Тоты Тұрсыматқызы,«Орман шаруашылығы бойынша дуалды оқыту  жүйесінің алғышарттары мен ерекшеліктері»Жүнісова Айша Сериковна.

P80118-104027

P80118-104239

 
23 - 26 қазан PDF Басып шығару E-mail

 

2017 жылдың  23 - 26 қазан аралығында ҚР ҰҚП Атамекен  базасы

Handwerkskammer Trier  семинары өтті. Семинар жұмысына директордың  

оқу тәжірбие жөніндегі орынбасары Коваль Марина Леонидовна  «ТжКБ

мекемелеріндегі  сапа менеджменті. Сапаны артыру және қамтамасыз ету» баяндамасымен қатысты. 

ML1 2

ML2

 
WorldSkills Astana 2017 PDF Басып шығару E-mail

 

            

                                         WorldSkills Astana 2017

Астана қаласының  18-22 жас аралығындағы колледж студенттері және кәсіпорындардың  жас мамандары арасында WorldSkills Astana  «Аспаздық іс»   қалалық чемпионаты  2017 жылдың  15-16 наурызында  өткізілді.

  • Бірінші орын –алтын жүлде иегері
  • Ибышева Нургуль
WorldSc1


WorldSc2
 WorldSc3












 

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
© 2018 Колледж экономики, технологии и стандартизации пищевых производств. Барлық құқықтар қорғалған.
Joomla! — лицензия бойынша таратылатын еркін бағдарламалық жабдықтама GNU/GPL.
RocketTheme Joomla Templates